Биыл Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығы атап өтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мәдениет және спорт министрлігі Ақтоты Райымқұлова ел алдындағы есебінде жыл аяғына дейін жоспарланған мерейтойларға тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мерейтойлық іс-шаралардың тұжырымдамалық күн тәртібі идеологиялық, ағартушылық мазмұнға толы және сапалы іс-шараларды өткізуге негізделген», - деді министр.

Оның айтуынша, биыл Қазақстанның Халық Қаһарманы Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығын, КСРО-ның Халық әртісі Әлібек Дінішевтің 70 жылдығын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар