+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

2021 жылғы 12 сәуір 13:38
Бөлісіңіз:
Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Транзиттік контейнерлік тасымалында оң динамика сақталды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлы жер: Атбасарда 45 пәтерлі көпқабатты үйлер салынып жатыр Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облысының екі отбасына пәтер сыйға тартылды Сандықтау ауданында көпқабатты 3 тұрғын үй салынуда

«Көлік саласындағы есепті кезеңде нақты көлем индексі 82,6 пайызды құрады. Транзиттік контейнерлік тасымалда оң динамика сақталды. Көрсеткіш 244,2 мың жиырма фунттық баламаны құрады. Өсім 63% болды. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 815 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,4 пайызды құрады», - деді министр деді министр Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурыздағы қорытындыларды баяндай келе.

Бұдан бөлек ол құрылыс саласында нақты көлем индексі 2021 жылдың бірінші тоқсанда 113,1 пайыз болғанын жеткізді. Манғыстау облысынан (66,2%) басқа 16 өңірде оң көрсеткіш тіркелді.

«Тұрғын үй құрылысында биылғы бірінші тоқсанда 2 млн 870 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Яғни, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,6 пайызды құрады. Республика бойынша барлығы 23 663 баспана пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш. Павлодар облысынан (80,6%) басқа 16 өңірде артты», - деді Атамқұлов.

Оның атап өтуінше, жалпы биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT