Биыл елімізде 211 денсаулық сақтау нысаны салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде 211 денсаулық сақтау нысаны салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту және жабдықтау бойынша халыққа медициналық көмек қолжетімділігін барынша жақындатуға бағытталған денсаулық сақтау саласының мемлекеттік ұйымдары желісі нормативі қайта қаралатын болады. Бұл ретте тұрғындар саны 50 адамға дейінгі елді мекендер ғимаратсыз медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етіліп, 300-ге жуық адам тұратын аулыдарда медициналық пункттер, ал 300-ден астам тұрғыны бар ауылдар да фельдшерлік-акушерлік пункт ашылады»,- деді министр.

Оның айтуынша, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында АМСК-нің 487 жаңа нысаны салынып, 270 жұмыс орны құрылады. Бұл мақсаттара болжаммен 87,7 млрд теңге қажет.

«2021 жылы 211 нысан, оның ішінде 83 медициналық пункт, 70 фельдшерлік-акушерлік пункт, 57 дәрігерлік амбулатория және 1 емхана салу жоспарланған. 2025 жылдың соңында дейін 600-ден астам, оның ішінде ауылдардағы 584 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны күрделі жөндеуден өтеді», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар