Биыл елімізде дзюдодан 6 чемпионат өткізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы өткізілетін дзюдодан Қазақстан чемпионаттарының мерзімі белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Биыл күнтізбе бойынша барлығы 6 ел біріншілігі өткізіледі

6-11 ақпан күндері Қостанай қаласында дзюдодан 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады

4-9 наурыз күндері Тараз қаласында 2000-2002 жылдары туған жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өткізіледі.

27-30 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер (өтпелі) арасындағы Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты болады.

1-6 мамыр күндері Орал қаласында дзюдодан 2004-2005 жылдары туған спорт-интернат оқушылары арасындағы Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады.

17-20 маусым күндері Түркістан облысы, Шардара қаласында дзюдодан 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өткізіледі.

3- 8 қараша күндері Атырау қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.


Соңғы жаңалықтар