Биыл елімізде қанша адамға КВИ-ге қарсы вакцина салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 6 млн адамға КВИ-ге қарсы вакцина салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау басталды. Бірінші кезеңде ресейлік «Спутник V» екпесі сатып алынды. Қысқа мерзімде Қарағанды фармацевтика кешені базасында «Спутник–V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі жүзеге асырылды. Отандық тауар өндірішінің жеткізілімдері кестеге сәйкес жүргізілді», - деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен қатар ол биыл сәуір айына «QazCovid-in» отандық өндіріс вакциянасын пайдалану жоспарланғанын атап өтті.
«Осы арқылы 2021 жылы 6 млн адамға екпе салдыруды жоспарлап отырмыз. Иммунопрофилактика үшін IT-технологилар мүмкіндігі кеңінен пайдаланылып келеді», - деді Марат Шоранов.
- Алматыда бір күнде 7,5 мың адам коронавирус вакцинасын алды
- Алматыда бір тәулікте 667 адамнан коронавирус анықталды
- Ақмола облысында ASHYQ жобасы бойынша тоғыз нысан іске қосылды
- Қазақстанда 766 614 адамға коронавирус вакцинасы егілді
-
Алматыда 380 орындық инфекциялық орталықтың құрылысы басталды
-
26 қазақстандық коронавирустан көз жұмды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам