+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Биыл елімізде шомылу маусымында 300-ден астам адам суға кетті

2021 жылғы 16 қыркүйек 12:54
Бөлісіңіз:
Биыл елімізде шомылу маусымында 300-ден астам адам суға кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жазғы шомылу маусымы қорытындыланды. Өкінішке қарай, биылғы шомылу маусымында 319 қазақстандықтың ажалы судан келді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма басшысы Қанат Тұрысбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы шомылу маусымында ТЖМ құтқарушылары 328 адамды, оның ішінде 61 баланы құтқарды. Сондай-ақ, адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, іс-шаралар кешенін өткізді. Биыл еліміз бойынша шомылуға рұқсат етілген 538 орын белгіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 93 орынға көп. Одан бөлек, жергілікті атқарушы органдармен және жеке меншік нысандармен бірлесіп 454 құтқару және 66 медициналық бекет құрылды. Және аса қауіпті учаскелерде 59 мобильді құтқару бекеті қойылды», - деді Қанат Тұрысбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, суда шомылу қауіпсіздігі ережесі мен талапқа қарамастан өлім жағдайы тіркеліп отыр.

«Су айдындарында 6 655 қауіпсіздік белгісі және 1 656 ақпарат тақта орнатылды, онда адамдардың қаза болу себептері мен оқиғаларға ықпал еткен жағдайлар жазылған. Біздің министрлік пен мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шараларға қарамастан, шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 319 адам суға кетіп көз жұмды. Оның 95-і кәмелет жасына толмаған», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT