​Биыл елімізде жолдарды жабу екі есеге көбейген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі жолдарда көлік жүрісін шектеу 2 есеге көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ сайтына сілтеме жасап.

«Қыс басталысымен ауа райының қолайсыздығы Қазақстандағы жолдарда 800-ден астам рет қозғалыс шектеуге себепші болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артып отыр», делінген хабарламада.

Осылайша, жолда көрінбеуге қатысты қозғалысқа шектеу 572 рет енгізілсе, көктайғақ салдарынан көлік жүргізушілері сапарға 112 рет шыға алмады.

«15 жағдайда жолдағы қозғалыс ауа температурасының төмендігіне, 6 жағдайда жоспарлы жөндеу жұмысының жүргізілуіне және қар көшкінінің қауіп төндіруіне байланысты, 114 жағдайда көрші өңірлердегі автомобиль жолдарының жабылуына байланысты шектелді», делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл қыста Шығыс Қазақстан облысында жолдар көп жабылған. Өңірде көлік қозғалысына шектеу 186 рет енгізілген. Екінші орында Ақмола облысы. Мұнда жолдар 156 рет жабылды. Ал Ақтөбе облысында жолдардағы қозғалысқа 108 рет шектеу енгізіліпті.


Соңғы жаңалықтар