Биыл елорда аумағында 165 өрт болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Cұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы қала аумағында өрттің негізгі себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таратылған мәліметке қарағанда, биыл жыл басынан бері қала аумағында 165 өрт болды. Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында болды - 71 оқиға немесе өрттердің жалпы санының 43 пайызы, ал өрт оқиғаларының 35 пайызы жеке секторға тиесілі.

«Өрттің шығуының негізгі себептеріне тоқталсақ, жылыту пештерін пайдалану кезінде тиісті ережені сақтамау, электр желілері мен электр қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу болып саналады», - деді Е. Отарғалымұлы онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, 2020-2021 жылдары кезеңінде өткен жылу беру кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тұрғын үй секторында 220 өрт болды.

Бұл тұрғыда тұрғын үй секторындағы өрттердің негізгі себептері:

- пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамау-107 жағдай немесе тұрғын үй секторындағы өрттердің жалпы санының 48%;

- электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу- 47 жағдай немесе 21%;

- тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау – 8 оқиға немесе 4,3 %;

- тұрғындардың отты абайсыз пайдалануы- 48 факті немесе 11%.


Соңғы жаңалықтар