Биыл елордада бес елдімекен газбен қамтамасыз етіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЖЭО-1/ЖЭО-2 газға көшіру және өнеркәсіптік сектор мен елді-мекендерді газдандыру үшін газ тарату желісін салу жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды. «Елорданы газдандыру — Елбасының тарихи жобасы. Железнодорожный елді-мекенінде газбен жабдықтаудың 80% - дан астам тарату желісі салынды. Сондай-ақ, Көктал-1, Көктал-2, Промышленный және Агрогородок елді-мекендерінде газ өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оңтүстік-шығыс (оң жағы), Оңтүстік-шығыс (сол жағы) ықшам аудандарында жұмыс басталды. Көктал-1, Железнодорожный елдімекендерінің әлеуметтік нысандары мен теміржол желісін газға жазда қосамыз», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Ол «Железнодорожный» елдімекенінің тұрғындары газ тарту экологияға жақсы әсер етіп, жеке сектор тұрғындарының өмірін едәуір жеңілдететінін атап өтті.

«Біз алдағы жылу беру маусымында көмір жақпайтынымызға қуанамыз. Көмірді қайдан сатып алу, оның сапасы, оны қайда сақтау жайын енді ойламаймыз. Жылу беру маусымында жеке сектордың тұрғындары үйден шыға алмайтын едік. Үйде болмағанда көршілеріміз бен туыстарымыздан пешке көмір салып беруін сұрайтынбыз. Енді мұндай проблема болмайды. Сонымен қатар газдандыру экологияны айтарлықтай жақсартады және азаматтардың денсаулығына жағымды әсер етеді», - деді Болат Мұқатаев. Өнеркәсіптік сектор мен елді-мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді.

Биылғы жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный елдімекендері газбен қамтамасыз етіледі. Оңтүстік-шығыс тұрғын үй алабында жұмыс басталады. Екінші кезеңде Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3 ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village (4 ПК) елдіекендерінде өтеді. Үшінші кезеңде Ильинка (1-2-ші ДК), Шұбар (3-ші ДК), Өндіріс (4-ші ДК) тұрғын алаптары газдандырылады. Жобаны іске асыру мерзімі - 2020-2023 жылдарға есептелген. Газ өткізу ауадағы зиянды қалдықтың 6 есеге, қатты заттардың – 40 мың тоннаға дейін азаюына мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар