Биыл елорданың қай аудандары газға қосылатыны айтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов биыл газ тартылатын аудандарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жеке секторда газ Көктал-1 мен Көктал-2, Агроқалашыққа тартылады. Алматы ауданында Железнодорожный мен Силикатный тұрғын алабы және Оңтүстік-шығыстың бір бөлігі қамтылады. Жалпы, Оңтүстік-шығыс келесі жылға жоспарланған, алайда кестені ертерек орындап, үйдердің бір бөлігіне газ тартудамыз. Сонымен қатар, ЖЭО-1/ЖЭО-2 нысандарын газға көшіру ескерілген», - деді елорда әкімі «Astana» телеарнасына берген сұхбатында

Оның сөзіне қарағанда, жеке секторда барлық көшелер бойынша тиісті құбырлар тартылуда.

Әкімнің пайымынша, газдандыру қаладағы экологияны жақсартуға ықпал етеді.

Бұдан бұрын хабарланғагндай, биіл жазда Нұр-Сұлтанда алғашқы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер көгілдір отынға қосылды.



Соңғы жаңалықтар