Биыл энергетика саласын дамыту тұжырымдамасы қабылданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық энергетика жүйесінің даму перспективасы «Қазақстанның 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансы» атты құжатта көрсетілген. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Энергетика саласын дамытудың ұзақмерзімді стратегиясын әзірлеу бойынша министрлік биыл 24 наурызда маневрлік қуат пен жаңартылатын энергия көздерінің санын ұлғайтуды көздейтін, сондай-ақ көрші елдердің энергетикалық жүйесінің дамуын ескеретін «Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансын» бекітті», - дейді Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, энергобаланс ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, Қазақстанның энергия жүйесін перспективалық дамыту бойынша концепциялық көзқарасты қалыптастыруға, энергия жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін қажет орта және ұзақмерзімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік берді.

«Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет 2060 жылға дейінгі кезеңді қамту мүмкіндігімен 2035 жылға дейін электр энергетикасы саласын дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Аталған құжатты биыл қазан айында қабылдау жоспарланып отыр», - дейді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар