Биыл Қазақстанда тағы үш визит-орталық ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігі биыл «Ұлытау», «Гаухар ана» және «Сауран» музей-қорықтарының визит-орталығының құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іс жүзінде еліміздің барлық жетекші музей-қорықтарының аумағында визит-орталықтардың құрылысы жүріп жатыр. 2019 жылы Түркістан облысындағы «Отырар» және Алматы облысындағы «Таңбалы» визит-орталығының құрылысы аяқталды. Биыл «Ұлытау», «Гаухар ана» және «Сауран» музей-қорықтарының визит-орталығының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2021 жылдан бастап «Ордабасы» мен «Есікті» іске қосамыз», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, туристік қызығушылықты дамытудың тірек нүктелері ретіндегі визит-орталықтардың құрылысы жергілікті деңгейде жүргізіліп жатыр. Бұл сапар-орталықтар өңірдің тарихи-мәдени мұрасын қазақстандық және шетелдік азаматтар арасында ілгерілетуге ықпал ететін болады.


Соңғы жаңалықтар