+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Биыл көмір бағасы қанша болады

2021 жылғы 14 қыркүйек 11:25
Бөлісіңіз:
Биыл көмір бағасы қанша болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде көмір бағасы өңірлерге байланысты тоннасына 5 мыңнан 19 мың теңгеге дейін ауытқиды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Барлық өңірде көмір тапшылығы болмайды - Атамқұлов Халыққа сатылатын көмір бағасының заңсыз өсуіне жол бермеу керек - Атамқұлов Министр қазандыққа көмір сатып алу көрсеткіші төмен өңірлерді атады

«Көмір бағасы нарықтық қатынаста қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін айта кету қажет. Әкімдіктердің ақпараты бойынша өңірлердегі көмірдің құны тоннасына 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді. Бұл ең алдымен көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты», - деді министр.

Оның атап өтуінше, алдағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық және тұрғындар үшін қажетті көмір көлемі шамамен 9,2 млн тоннаны құрайды.

Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға - 2,8 млн тонна, халыққа 6,4 млн тонна көмір қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT