Биыл Қостанай облысына 1700-ге жуық адам көшіп келеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Биыл Қостанай облысына 1700-ге жуық адам көшіп келеді. Олармен әлеуметтік келісімшарттар жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Қостанай облысында еңбек ресурстарын оңтайландыруды көздейтін өңірлік квотаға 1651 адам іліккен. Оның ішінде 1 мыңнан астамы қоныс аударушы, «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының 36 түлегі және шет елден оралған 350 қандасымыз бар.

«Қостанайға қоныс аударушылардың дені – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау облыстарынан. Ал қандас ағайындар Өзбекстан мемлекетінен келеді. Көшіп келуші азаматтармен әлеуметтік келісімшарттар жасалуда. Көшуге, тұрғын үйді жалға алуға немесе сатып алуға субсидия төленеді. Экономикалық белсенді деген қандастар мен қоныс аударушылар жұмысқа орналастырылады. Өткен жылы Қостанай облысында 1700-ге жуық қоныс аударушы мен оралман тұрақты орын тапты», - деп мәлімет берді басқармадан.

Бұған дейін шетелден елімізге көшіп келетін қазақтардың құжаттары, мемлекеттен берілетін көмектер «бір терезе» қағидатымен рәсімделетінін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар