Биыл Қостанай облысында тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 10% артады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында тұрғын үй саясатын іске асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында ресми мәлімет таратты.
«Бүгін Қостанай облысында тұрғын үй саясатын іске асыру барысы туралы кеңес өткіздім. 2021 жылы тұрғын үйді іске қосу көрсеткішін 10% арттыру міндеті тұр, бұл дегеніміз - 417,2 мың шаршы метр. Облыстың тұрғын үй саясатын іске асыруға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінді» деп жазды Архимед Мұхамбетов.
Оның айтуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 93,5 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде көпқабатты тұрғын үй – 64,7 мың шаршы метр.
Кеңес барысында Қостанай, Рудный қалаларының және Қостанай ауданының әкімдері биылға арналған тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарын баяндады.
«Жиын қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысының қарқынын төмендетпеуді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ барлық жоспарланған нысандарды сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырдым» дейді әкім.
- Қазақстанда мүлік иелері бірлестігінің 1 132 жаңа нысаны құрылды
- Рудныйда 2 жасар қыз бала терезеден құлап кетті
- Баспанасы банктің балансында тұрған 1 350 ипотека алушыға қосымша көмек көрсетілді - агенттік
- Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы жаңа атауға ие болды
-
Шымкентте сәулет және құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы он жылға сотталды
-
Полиция іздеу салған қостанайлық бойжеткен тоғыз күннен соң табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам