Биыл қуаты 104,8 МВт 4 жаңартылатын электр стансасы қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл қуаты 104,8 МВт 4 жаңартылатын электр стансасы іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электр энергиясын өндіру секторында осы жылдың 10 айы ішінде қуаты 402 МВт болатын 14 жаңартылатын электр энергиясы нысаны іске қосылды. Жылдың соңына дейін қуаты 104,8 МВт жаңадан 4 жаңартылатын электр энергиясы нысаны іске қосылатын болады», - деді ол.

Оның дерегінше, жаңартылатын энергия көзінің электр энергиясын өндіру көлемі осы жылдың 10 айы ішінде 1,7 млрд кВт/сағ құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 65 пайызға көп. Электр энергиясын өндіру көлеміндегі жаңартылатын электр энергиясының үлесі 2 пайызға жетіп отыр .

«Жалпы, республика бойынша 2018 жылмен салыстырғанда жаңартылатын энергия көзі нысандарының саны 2019 жылы 20 нысанға, яғни 67-ден 87-ге, ЖЭК нысандарының жиынтық қуаты 1,9 есеге, 2018 жылғы 537 МВт-тан 2019 жылы 1042 МВт-қа дейін артты», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар