Биыл мемлекеттік аппарат қызметкерлері 25 пайызға қысқарады – Үкімет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл мемлекеттік аппарат қызметкерлері 25 пайызға қысқарады. Бұл туралы Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық пен бизнестің қалауын қанағаттандыруға бағдарланған тиімді мемлекеттік аппарат құру бойынша жұмыс жалғасады. 2025 жылға қарай барлықмемлекеттік органдар автоматтандырылып, электронды форматқа көшіріледі», - деді Үкімет басшысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау барысында.

Оның атап өтуінше, биыл қызметтердің 92 пайызы цифрландырылады.

«2021 жылы мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік сектордағы қызметкерлердің саны 25 пайызға қысқарады. Биыл азаматтардың қызметтерді электронды түрде дербес алуы үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарын онлайн кеңес беруге бейімдеу жұмыс басталады», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар