Биыл Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы Ұлттық жоспарды жүзеге асыру (Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспары) отандық БАҚ-тың экономикалық дербестігін арттыруға және қоғам тарапынан тұтынушылық сұраныстың өсуіне ықпал етеді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

«Осы тұрғыда мемлекеттік органдардың қызметі туралы халыққа сапалы хабар тарату мақсатында биыл Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталын іске қосамыз. Бұл қадамды өте маңызды деп білеміз. Әсіресе, ауқымды ақпарат ағыны жағдайында ол азаматтарға сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді», - деді А. Балаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, көпшілікке ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталы іске қосылуда.



Соңғы жаңалықтар