+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2019 жылғы 9 қазан 21:52
Бөлісіңіз:
Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек жалақысын төлеу берешегі бар 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, оларға 4,7 млрд теңге төленді.

2019 жылы республиканың 1594 кәсіпорнында мемлекеттік еңбек инспекторлары 36,6 мың жұмыскердің алдында 5,3 млрд.теңгеге жуық жалақы бойынша берешектерін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 178 ұйғарым беріліп, 123,3 млн.теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 35 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 4,7 млрд теңге төленді.

Жалпы, ағымдағы жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 443 тексеру жүргізді, ҚР еңбек заңнамасының 8,9 мыңнан астам түрлі заңбұзушылықтары анықталып, 253 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT