Биыл мемлекеттік ресурстар әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға жұмсалды – Ерлан Саиров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Саясаткер, қоғам қайраткері Ерлан Саиров.2020 жылы елімізде орын алған саяси-қоғамдық оқиғаларға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жыл Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем елдері үшін қиын болды. Мемлекет басшысы халық үніне құлақ асу арқылы, мемлекеттік мәселелерді шешуге баса назар аударды. Әсіресе биыл наурыз айынан бастап, пандемия етек алғанда бүкіл мемлекеттік ресурстар халықтың әлеуметтік жағдайының тұрақтылығын сақтап қалуға жұмсалды. Осы орайда Қазақстанды тұрақсыз әлемдегі, тұрақты мемлекет деп айтуға әбден негіз бар», - деді Ерлан Саиров.

Сондай-ақ, ол биыл елімізде орын алған бірнеше саяси реформаларға тоқталып өтті.

«Биылғы ерекшелік мемлекеттік органдардың халықтың үніне құлақ асу қағидасын ұстана білуі. Сонымен қатар, Еуразиялық қауымдастыққа кіретін елдердің тәуелсіздігін шектейтін кейбір факторлар енгізілмекші болды. Сол кезде Қазақстанның әр ел өз тәуелсіздігін сақтап қалу тиіс деген қағиданы ұстануы маңызды қадам болды. Одан бөлек, бірқатар заңнамалар қабылданды. Атап айтсақ, бейбіт митинг өткізуге арналған заң жобасы және партия жөніндегі заңға 30 пайыздық квота енгізілді, бұл да саяси реформа болып есептеледі», - дейді ол.

Айта кетсек, бүгін елордадағы Еуразиялық интеграция институтында «Тұрақсыз әлемдегі тұрақты мемлекет»: Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы басты жеті ісі» атты бағдарламаны талқылауға арналған іс-шара өтті. Оған саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.


Соңғы жаңалықтар