Биыл республикалық бюджет кірістері 279 млрд теңгеге артық орындалатындығы болжанады
Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2021 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды. Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2021 жылы 7 204 млрд теңге көлемінде бағаланады. Бұл бекітілген жоспардан 279 млрд теңгеге жоғары. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт өзгермейді және 2 700 млрд теңге мөлшерінде сақталды», - деді министр.
Оның атап өтуінше, Ұлттық қордан нысаналы трансферт 1 трлн теңгеден 1 850 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
«Республикалық бюджет шығыстары 15 334 млрд теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл бекітілген көрсеткішке қарағанда 1 285 млрд теңгеге ұлғайтылады. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,5 пайыз деңгейінде болжанып отыр», - деді Әсет Ерғалиев.