+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Биыл тұмау мен коронавирус қатар жүреді, босаңсуға болмайды – дәрігер

2020 жылғы 15 қыркүйек 14:40
Бөлісіңіз:
Биыл тұмау мен коронавирус қатар жүреді, босаңсуға болмайды – дәрігер

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында санитария дәрігерлері биыл тұмау мен коронавирус инфекциясының қатар жүретінін ескертіп, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Туризм қауіпсіз болсын десек, вакцинацияны міндетті ету керек – ресейлік маман Пневмониямен ауырған науқастардың өкпесі қанша уақытта қалыпқа келеді - маман пікірі Коронавирус: Израильде карантин, ЕО елдеріндегі жаңа шектеулер пайда болды

СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қыркүйектен бастап өңірде тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Тек бір күннің ішінде 3 мыңға жуық адам вакцинациядан өтті.

Мамандардың айтуынша, коронавирустық инфекция бастапқы кезеңінде вирустық инфекцияға ұқсас келеді. Уақыт өте келе айырмашылықтары шығады. Әдетте суық тигенде дене қызуы көтеріледі, мұрыннан су ағып, түшкіреді, тамағы ауырады. Ал коронавирусты инфекцияда дене қызуы қатты көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болады.

«Коронавирусты жұқтырғанда әлсіздік болып, сүйек сырқырауы мүмкін. Тамақ ауырып, демалу қиындайды. Бас ауырады. Тұмаудан тағы бір өзгешелігі – дәм мен иіс сезбейді. Жедел респираторлы вирустық инфекция 3 күннен бір аптаға дейін созылса, қауіпті ауруда ол 14 күннен 3 аптаға дейін жүруі мүмкін.

Маусымдық тұмау бірден жоғары температурадан басталады. Бас ауырып, буындар мен сүйектер сырқырап ауырады. Жөтел мүлде болмауы да мүмкін. Тұмауда бұл жағдай әдетте 5 күнге ғана созылады», - дейді СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.

Санитария дәрігерінің айтуынша, тұмауды емдеуге вирусқа қарсы осельтамивир және занамивир препараттары қолданылады екен. Облыстың емдеу мекемелерінде қазір 2037 қаптама осындай дәрі бар.

«Биыл жедел респираторлық вирустық инфекциялардың басталуы коронавирусты инфекцияның таралуымен тұспа-тұс келмекші. Сол себепті босаңсымау керек. Коронавирусты жеңгеніміз жоқ, вирус бар. Оны біз ғана емес, әлемнің ешқандай мемлекеті жеңе алмай отыр. ЖРВИ, тұмау және коронавирусты инфекцияның алдын алудың ең оңай жолы – маска тағу. Масканы ауырғандар ғана емес, сау адамдар да тағуы тиіс. Сонай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтап, бөлмелерді жиі желдетіп тұрған жөн. Қолды сабындап жуу, мұрынды әлсіз тұзды сумен шаю және дұрыс тамақтанып, полидәрумендер ішу – жұқпалы аурулармен күресте сеп», - дейді Татьяна Горлова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT