Биыл жем-шөп дақылдарының алқабы 448 мың гектарға ұғайтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл жем-шөп дақылдарының алқабы 448 мың гектарға ұғайтылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың сауалына жауап берген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мал азығының тапшылығын болдырмау үшін министрлік жем-шөп өндіру бойынша жол картасын қабылдады. Биыл қандай іс-шаралар жоспарлап отырсыздар?» - деп сұрады Үкімет басшысы министрден.

Сауалға жауап берген Ербол Қарашөкеев аталған жол картасын іске асыру басталып кеткенін айтты.

«Жол картасында 15 іс-шара қарастырылған. Оның ең негізгілері - қолданыстағы ауыспалы егістердің ғылыми негізделген нормаларына сәйкестігі тұрғысынан мал шаруашылығы бағытындағы шаруашылықтардың егіс алқаптарының құрылымына талдау жүргізу. Ол талдау қазір өңірлерде жүргізіліп жатыр. Әрбір шаруашылық пен ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру жоспары жасалып жатыр», - деді ол.

Оның дерегінше, биыл жем-шөп дақылдарының алқабы 12,5 пайызға ұлғайтылып отыр.

«Яғни, былтыр 3,2 млн гектар болса, биыл 3,6 млн гектар болады деп күтіледі. Биыл алқап көлемі 448 мың гектарға ұғайтылды. Бұл мал азығымен қамту көлемін арттыруға өз әсерін тигізетін болады» - Ербол Қарашөкеев.


Соңғы жаңалықтар