Биылғы 9 айда Қазақстанда ІЖӨ-нің өсуі 3,4 пайыз болды - ҰБ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 9 айда Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсуі 3,4% болды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсуі 3,4% болды, мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін 68 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты. Бұл серпін Қазақстан экономикасын дамытудың оптимистік сценарийіне сәйкес келеді. Мұнайдың орташа жылдық бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ доллары болған кезде Ұлттық банк ішкі жалпы өнімінің 2021 жылы 3,7-4% деңгейінде өсуін күтеді», - деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, әлемдік және ұлттық экономикалардың осындай тез қалпына келуі жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру бағдарламалары мен жеңіл ақша-кредит талаптарының нәтижесінде мүмкін болды.

«Сонымен бірге, бұл факторлар тұтынушылық сұраныстың қалпына келуіне және әлемдегі инфляциялық қысымның айтарлықтай өсуіне әкелді. Осы жылдың басынан бастап бағаның өсуі тарихи ең жоғары көрсеткіштерді жаңартып отыр. Әлемнің ірі экономикаларында инфляция 13 жылдық ең жоғары көрсеткіштерге жетті: ол АҚШ-та

5,4%-ға дейін, Еуроодақта – 3,4%-ға дейін өсті», - деді ҰБ басшысы.


Соңғы жаңалықтар