Биылғы Құрлықтық хоккей лигасы қыркүйекте басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Барыс» командасының қатысуымен өтетін Құрлықтық хоккей лигасы ойындары күзде басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) және Ресей хоккей федерациясы (ФХР) 2022-2023 жылғы кезеңді өткізу құрылымын мақұлдады. Онда қазақстандық «Барыс» командасы сынға түседі.

Құрлықтық хоккей лигасының 15-маусымы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде жалауын көтереді. Алғашқы кездесуде Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) және «Металлург» (Магнитогорск) командалары мұз айдынға шығады.

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты 2023 жылдың 26 ақпанына дейін созылады. Ал Гагарин кубогы 1 наурыз және 29 сәуір аралығында өтеді.

Әрбір командаға тұрақты чемпионатта 68 ойыннан белгіленген.

Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Президент кубогына қандай командалардың қатысатыны белгілі болды.



Соңғы жаңалықтар