+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Біз біргеміз: 11 мың отбасы көмек алды

2020 жылғы 26 наурыз 14:09
Бөлісіңіз:
Біз біргеміз: 11 мың отбасы көмек алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Біз біргеміз!» акциясы аясында қанша адамға көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда соғыс және еңбек ардагерлеріне 50 мыңнан 1 млн теңгеге дейін көмек көрсетіледі Төлемдерді алуға негізделген ресурстар штаттық режімде істеп тұр – Еңбек министрлігі Алматыда 6650 тұрғын 42500 теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік көмек алды

«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент Қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін қаражат бөлді. Тек соңғы 6 күнде бүкіл ел көлемінде 11 600-ден астам отбасыға 214 млн. теңгеге көмек көрсетілді»,– деп жазды Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында .

Сонымен қатар, ол «Jas Otan» волонтерлары мен белсенді нұротандықтарға алғысын білдірді.

«Жалғыз басты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестіріп беруге ерікті түрде атсалысып жүрген «Jas Otan» волонтерлары мен белсенді нұротандықтарға алғыс айтамын»,– деді ол.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT