«Біз біргеміз!»: Отырарлық полицейлер тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті

None
None
ОТЫРАР. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Отырар ауданының полицейлері тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті.

«Біз біргеміз!» акциясы аясында тәртіп сақшылары көпбалалы және аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар 40 отбасына бір жолғы азық-түлік жиынтығын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлерінің қасиетті айдағы қайырлы істеріне жұртшылық ризашылығын білдірді. Полиция бөлімінің бастығы Бақыт Тілекұлы алдағы уақытта да аз қамтылған отбасыларға құқықтық қолдау көрсетіп, азық-түлік пен қаржылай да көмек жұмыстары ұйымдастырылып тұратынын айтты.

Аталған қайырымдылық шарасында «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман партия бастамасымен қолға алынған жобаларды жүзеге асыруға қолдау білдірген полицейлерге алғысын жеткізді. Кез-келген қиын қыстау кезеңде тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етіп, қайырымдылық пен адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген қызметкерлердің сауапты ісі мұқтаж жанұяларға қолдау болатынын айтып өтті.



Соңғы жаңалықтар