Біз біргеміз: Семейлік еріктілер мешітті тазалады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының еріктілері мешіт ішін тазалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз біргеміз» акциясына қолдау білдірген семейлік еріктілердің осыған дейін Абай ескерткішіне іргелес аумақты қардан тазартқандығын және жалғызбасты зейнеткерлердің ауласының қарын күреп бергендігін жазған болатынбыз.

Жуықта қолға күрек ұстаған жастар қалада жаңадан салынып жатқан орталық мешіттің іші мен сыртын тазартты.

«Акцияға жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады», – дейді Семей қалалық Жастар орталығының қызметкерлері.


Соңғы жаңалықтар