Біз біргеміз: Семейлік полицейлер 25 отбасыға көмек көрсетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы полиция қызметкерлері мұқтаж отбасыларға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, мұқтаж жандарға азық-түлік пен жеке бас гигиена заттарын таратты.

«Біз біргеміз!» акциясы аясында патрульдік полиция батальонының жеке құрамы 25 отбасыға көмек көрсетті. Олар карантин кезінде қиын жағдайға тап болған жанұяларға қолұшын созуды өздерінің азаматтық парызы деп санайды. Бір күн ішінде тәртіп сақшылары 1 миллион теңгеге жуық қаражат жинап, ұн, қант, тауық еті, күнбағыс майы, жеміс-жидек сынды азық-түлік өнімдерін сатып алып, қала тұрғындарының үйлеріне жеткізіп берді», - деді патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Заманбекұлы.

Өз кезегінде отбасы мүшелері полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына жеміс тіледі.


Соңғы жаңалықтар