#Bizbirgemiz: Алматылық әскери қызметшілер майдангерлер мен тұрмысы төмен отбасыларға көмектесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – #Bizbirgemiz акциясын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының ұжымы жалғады.Олар екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қораптарын таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков қайырымдылық акцияның маңыздылығын атап өтті.

«Әскери қызметшілер «Біз біргеміз!» акциясы аясында әлеуметтік жағынан осал жанұяларға азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарды үлестірді. Әскери қызметшілер халықпен бірге және әрқашан қолдау көрсетеді», - дейді Асқар Мұстабеков.

Оның айтуынша,алдымен мұқтаж отбасылардың тізімі жасалған. Тізімге 15 соғыс ардагері мен бірқатар жағдайы төмен отбасылар енген.

«Әскери қызметшілерге шексіз алғысымды жеткіземін. Бүгінгі қиын кезде дәл осы көмекке мұқтаж едік. Бізді ұмытпай, елеп-ескеріп жүргендеріңе мың алғыс», - дейді Алматы қаласының тұрғыны, ардагер Маргарита Плотникова.


Соңғы жаңалықтар