#BizBirgemiz: Қ.Қуанышбаев атындағы театр ұжымы қарт әженің ауласындағы қарды күреп берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қ.Қуанышбаев атындағы театр ұжымы «Біз біргеміз» қар күреу челлендж-бастамасына қосылып, қарт әженің ауласын тазалап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Волонтер жылы» шеңберінде белгілі сахна шебері Тұрсынбек Қабатов бастаған елордалық өнер ұжымдарының «Біз Біргеміз» челлендж-бастамасына қолдау білдіруі біздің театрға да сілкініс берді. Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының ұжымы Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының тұрғыны — жалғыз басты қарт әженің үйінің ауласын қалың жауған қардан тазартты» делінген хабарламада.

Ұжым бұл эстафетаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері мен «Қазақконцерт», «Астана Опера» театрына жолдады.

«Биыл елордамызға қар былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп түсуіне орай, өз үйлеріңіздің маңындағы қарды тазалап, көмектесіп, атсалысуға шақырамыз!!! #БізБіргеміз #BizBirgemiz» деп үндеу тастады өнер ұжымы.

Айта кетейік, кеше елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастады. Елорда еріктілерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Сондай-ақ, белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, «Назар аудар» театрының әртістері қолдау білдірді.




Соңғы жаңалықтар