Бiздi тек ɵз жауапкершiлiгiмiз ғана сақтап қалады - Жайнагүл Құсайынова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус індетінен бізді тек өз жауапкершілігіміз ғана сақтап қалады. Мұндай пікірді «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы Жайнагүл Құсайынова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке орай, елімізде аты жаман iндет күннен-күнге ɵршiп жатыр. Осы аурудың шығуына байланысты наурыз айында төтенше жағдай жарияланғанда, көпшіліктің күмәнмен қарап, сенбегені де жасырын емес. Енді өздеріңіз танитын қаншама адамдар отбасындағы бала-шағасымен, туған-туыстарымен жаппай осы iндеттi жұқтырып, қатты ауырып жатқаны белгiлi. Ауырған адамдармен бетпе-бет келiп, олардың ɵмiрiн сақтап қалу үшiн жанталасып жүрген ақ халатты абзал жандар - дəрiгерлерге де оңай емес. Олар бар мүмкіндіктерінше адамдарға қызмет көрсетуде. Бірақ емдеуші дәрігерлердің де денсаулықтарына қауіп төнуде»,- деді ол.

Жайнагүл Құсайынова халқымыздың амандығын, отбасымыздың денсаулығын ойласақ, құзырлы мекемелер айтып жатқан шектеулерге мән беріп, карантиндiк талаптарды қатаң орындау керектігін баса айтады.

«Бұл соншалықты қиын емес қой. Қазiргi уақытта бiздi тек ɵз жауапкершiлiгiмiз ғана сақтап қалады. Бiр-бiрiмiзге жанашырлықпен қарап, бiр-бiрiмiздiң денсаулығымызды бағалап, осы дерттiң етек алуын тоқтатуға көмек көрсетейік. Бiз бiргемiз! ҚазАТУ жастары карантиндiк талаптарды орындайды! Өз болашағымыз үшін індетке қарсы біргемiз!», - деді Жайнагүл Айтмағанбетқызы.


Соңғы жаңалықтар