+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2019 жылғы 8 қараша 14:06
Бөлісіңіз:
БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен Тимуржан Әдиетұлы Шәкімов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Ақтөбе» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясына жаңа басшы тағайындалды Шымкентте бас дәрігері қамауға алынған ауруханаға уақытша жаңа басшы тағайындалды Қостанай облысында бірқатар тағайындау болды

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Тимуржан Әдиетұлы 1962 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. А.Микоян атындағы Куйбышев инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Камен (қазір Тасқала) ауданындағы Ленин атындағы кеңшарда құрылыс учаскесінің шебері, прорабы қызметтерінен бастады.

Әр жылдары «Казторгстрой» тресі Орал құрылыс учаскесінің бас инженері, БҚО инфрақұрылым және құрылыс басқармасының басшысы – бас сәулетші, ҚР Индустрия министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан және Атырау облысы әкімдерінің орынбасары болды.

Жаңа орынбасар энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет және құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларына жетекшілік ететін болады.

Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бағдат Азбаев өз еркімен жұмыстан босап, елордалық ірі компаниялардың бірі – «Астана Тазалық» ЖШС-ның басшысы қызметіне ауысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT