+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

БҚО ауданында карантиндік шектеу шаралары енгізілді

2020 жылғы 23 мамыр 02:13
Бөлісіңіз:
БҚО ауданында карантиндік шектеу шаралары енгізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО-ның Сырым ауданында карантиндік шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сырым аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ауданда карантин қою туралы қаулысы 23 мамыр күнгі сағат 00.00-ден бастап күшіне енді.

Басқарма басшысы Ләззат Мұқанованың айтуынша, Сырым ауданында коронавирус жұқпасының шоғырлануы мен таралуына жол бермеу мақсатында карантин жарияланды.

Аудан орталығы Жымпиты ауылында екі жерде блокпост қойылды.

Азық-түлік тауарларын, дәрілік және медициналық заттарды, тұрғындардың өмір сүруіне қажетті басқа да тауарлар мен қызмет түрлерін, өндірістік, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді қоспағанда, Сырым ауданына, ауылдар мен елді мекендерге көліктердің кіруіне және шығуына тыйым салынды.

Шұғыл жолға шығушылар КВИ жұқпасына қарсы құрылған аудандық жедел штабтың рұқсатын алуы тиіс.

Азық-түлік дүкендері, банк, пошта мекемелері жұмысын жалғастырады. Бірақ қызмет көрсетушілер мен тұрғындардан әлеуметтік арақашықтық пен санитарлық тәртіпті сақтау қатаң талап етіледі.

Сонымен қатар бұдан бұрын ауру ошағы анықталған аудандық орталық ауруханада карантин жарияланды. Аурухана директоры Роза Тахамбетованың сөзіне қарағанда, науқаспен байланыста болған 53 медицина қызметкері үйлерінде оқшауланды.

Карантинге байланысты аудандық емхана Өлеңті ауылындағы әлеуметтік орталық ғимаратына көшірілді. Сынама тапсыру, ем-шара алу, күндізгі стационар қызметтері мен жалпы тәжірибелік дәрігер, офтальмолог, невропатолог, гинеколог, хирург сияқты дәрігерлердің қабылдаулары уақытша осы ғимаратта жүргізіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 78 ауру ошағы анықталғанын, коронавирусқа шалдыққандар ішінде 9 бала бар екендігін жазған болатынбыз.

Сырым ауданында алдымен аудандық аурухана қызметкері ауру жұқтырса, содан кейін онымен қарым-қатынаста болған тағы екі адамнан коронавирус анықталған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT