USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

БҚО-да 900-ге жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

2021 жылғы 25 қараша 14:41
Бөлісіңіз:
БҚО-да 900-ге жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 852 адам Pfizer компаниясының Comirnaty вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әлемде соңғы бір аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 10% өсті Тағы 14 науқас коронавирус пен пневмониядан көз жұмды Коронавирус пневмониясынан 160 адам емделіп шықты

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның 467-сі – жасөспірімдер, 37-сі – жүкті, 348-і – бала емізетін әйелдер.

Сондай-ақ 251 адам ревакцинациядан өтті.

Облыс бойынша барлығы 247 525 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 59,7 пайызы) бірінші компонентпен егілді. Соның 228 381-і (55,1 пайызы) екінші компонентті де салдырды.

Қазіргі кезде 80 935 доза І, 100 199 доза ІІ компонент бар.

Басқарма мәліметіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырған 39 627 науқастың 37 286-сы жазылып шықса, 834-і көз жұмды.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру 11 пайызға (20 науқасқа) төмендеді.

Күні бүгін 316 адам амбулаторлық ем алуда. Оған қоса 118 науқас инфекциялық стационарларда емделуде. Соның ішінде 9-ы ауыр, біреуі аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да егілуге тиісті тұрғындардың 60 пайызға жуығы екпе салдырғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT