БҚО-да ауылдасын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауылдасын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында болды.

Үйлердің бірінен 5 қараша күні шамамен сағат 16.10-да зорлықпен өлтірілген (пышақ жарақаты) 1968 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.

Осы қылмысқа қатысты 1977 жылғы Н. деген күдікті анықталып, ұсталды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабына сәйкес (кісі өлтіру) тергеу амалдары жүргізілуде.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, бірнеше адам қосылып арақ ішкен.

Соңғы жаңалықтар