БҚО-да білім бөлімінің басшысы сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҚО Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы жемқорлық қылмысы үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Шыңғырлау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Б.Сапаров орындалған жұмыстың актісіне қол қою үшін Шыңғырлау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына 1 млн 690 мың теңге көлемінде пара беруге жеке кәсіпкерді итермелегені және алаяқтығы үшін күдікті болып танылған», - делінген хабарламада.

21 қаңтарында Шыңғырлау аудандық сотының үкімімен А.Б.Сапаров алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.


Соңғы жаңалықтар