БҚО-да бюджет қаржысын жымқырған аудандық бөлім қызметкері сотталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ның бас маманы И.Ілеске қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол аталған мемлекеттік мекеменің қажеттілігі үшін тауар-материалдық құнды заттарды сатып алуға бөлінген 2,4 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелген», делінген хабарламада.

26 қыркүйекте БҚО Бәйтерек аудандық сотының үкімімен И.Ілеске бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 2 жыл 6 ай мерзіміне (1 жылға жазаны кейінге қалдыра отырып) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу жазасы белгіленді.

Соңғы жаңалықтар