БҚО-да GAP қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр
2022 жылғы 20 мамыр 13:40

БҚО-да GAP қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «GAP» (Global Asar Project) тұтыну кооперативіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 217-бабы 1-бөлігі «Қаржы пирамидасын құру және басқару ісі» негізінде басталған.

Агенттік мәліметінше, қаржы пирамидасы БҚО-да 2021 жылы құрылған. Бір қатысушылардың жарнасы есебінен екіншілері пайдаға кенеліп, 14 адамға 15 млн жуық залал келтірілген.

Қаржы мониторингі агенттігі осындай пирамидаларға тартатын алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін өте сақ болу қажеттігін кезекті мәрте қаперге береді.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде GAP деп аталатын қаржы пирамидасы әшкере болды.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT