USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

БҚО-да қараша айында 690-ға жуық адамнан коронавирус табылды

2021 жылғы 25 қараша 17:13
Бөлісіңіз:
БҚО-да қараша айында 690-ға жуық адамнан коронавирус табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қараша айында 684 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Желтоқсанда елордаға шетелден келген жолаушылардан коронавирус табылған жоқ Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 16,4 пайызға азайды Елордада КВИ жұқтырғандар саны азайып келеді

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның 54 пайызы (367) ЖРВИ белгілерімен тексерілген кезде анықталды.

Сондай-ақ 27 пайызы (185) профилактикалық мақсатта қаралса, 18 пайызы (122) бұрын ауырғандармен байланыста болған. 1 пайызынан (10) стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

Департамент мәліметіне қарағанда, «Ashyq» жобасы бойынша 1-25 қараша аралығында үйлерінде оқшаулануы тиіс 72 адамның карантин талабын бұзғаны белгілі болды. Соның 61-і – «қызыл», 11-і – «сары» мәртебесі бар адамдар. Карантин талабын бұзғандарға қатысты 21 әкімшілік хаттама толтырылып, 918 855 теңге айыппұл салынды.

Осы айда мемлекеттік шекарадан анықтамасыз өткен 661 жолаушының біреуі індет жұқтырған болып шықты. Халықаралық жүк тасымалымен айналысатын, анықтамасы жоқ 741 жүргізушінің үшеуінен коронавирус табылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 900-ге жуық адамның Pfizer вакцинасын салдырғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT