БҚО-да коронавируспен күрес шараларына 12 млрд теңге бөлінді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавируспен күрес шараларына 12,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның ішінде Үкімет резервінен 3 183,1 млн теңге қарастырылды.

Жергілікті қазынадан 974,1 млн теңге бағытталды.

Орал қаласында салынып жатқан модульдік аурухана құрылысына 7 225,0 млн теңге бөлінді.

Жергілікті бюджеттің 707,9 млн теңгесі жеке қорғаныс құралдарын, жанар-жағар май, медициналық жабдық және басқа шығындарға жұмсалды. Сондай-ақ демеушілер де 20,3 млн теңге көлемінде өз үлестерін қосты.

Облыста коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңға жетсе, соның 6818-і жазылып шықты. 117 адам көз жұмды.

Соңғы тәулікте 8 адам тіркелді.

Сол секілді пневмонияға шалдыққан 117 адам емделу үстінде. Бұл дерттен 214 адам қайтты.

Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған ешкім жоқ. 5 адам оттегі концентраторын пайдалануда.

Қазіргі таңда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 83 адам жатыр. 7 адам жансақтау бөлімінде. Оған қоса 29 адам карантиндік стационарда бақылануда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирусқа шалдыққандар арасында зейнеткерлер саны көбейіп отырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар