БҚО-да қыз бала өзіне-өзі қол жұмсады

None
None
ОРАЛ. Батыс Қазақстан облысында тағы бір оқушы асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 6 желтоқсан күні Сырым ауданында орын алды.

Сағат 18.44 шамасында Бұлан орта мектеп-балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы үйінде өзіне-өзі қол жұмсаған.

Қыз бала толық, аз қамтылған отбасында тәрбиеленген. Қазіргі кезде құзырлы органдар тарапынан анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, қыздың сабағы жақсы болған. Аталмыш отбасында 2 қыз, 2 ұл бала болса, марқұм соның бірі еді.

Бұл - соңғы кездегі осындай үшінші оқиға. Бұдан бұрын Жаңақала ауданында қос бірдей 11-сынып оқушысы асылып қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар