+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

БҚО-да Орал-Ақсай жолында полиция қызметкері мерт болды

2021 жылғы 10 маусым 10:06
Бөлісіңіз:
БҚО-да Орал-Ақсай жолында полиция қызметкері мерт болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол апатынан полиция қызметкері мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да екі көлік соқтығысып, бір әйел жарақат алды Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полиция қызметкерінің ісі сотта қаралды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 маусым күні шамамен сағат 19.45-те Орал-Ақсай жолының 25-шақырымында болды.

Күре жолда 28 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2110» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалды.

Жол апаты салдарынан облыстық патрульдік полиция батальонының 28 жастағы қызметкері ауруханада көз жұмды.

Оның қасында болған екі жолаушы зардап шеккен жоқ.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

БҚО полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның тума-туысқандарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да полиция қызметкерінің жол апатынан қаза тапқанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT