БҚО-да өрт орнынан 95 жастағы кейуананың мүрдесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрт орнынан 95 жастағы кейуананың мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 5 қараша күні Бәйтерек ауданы Дариян ауылында орын алды.

Сағат 05.45-те тұрғын үйдің өртенгені жөнінде хабар түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жиһаздар мен жеке заттардың (аумағы – 25 шаршы метр)жанып жатқанын анықтады.

Өрт орнынан 1924 жылғы азаматшаның денесі табылды.

Оған қоса бір адам орта дәрежелі газдан уланған.

Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

«Тілсіз жау» 06.11-де оқшауланып, 06.40-та ауыздықталды. Өртті сөндіруге 4 адам, 1 техника жұмылдырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, газдан уланған 70 жастағы әйел аудандық ауруханаға жатқызылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында тұрғын үй өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар