БҚО-да полицейдің қатысы бар жол апаты: 6 айлық қыз баланың жағдайы өте ауыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерінің қатысы бар жол апатынан зардап шеккен 6 айлық қыз баланың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғанындай, жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілген болатын.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға орнында 51 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Сонымен қатар қолы сынып, еттері көгерген 23 жастағы әйел облыстық көпбейінді аурухананың травматология бөліміне жатқызылды.

«23 жастағы әйел мен 6 айлық қыз баланы оқиға орнынан басқа көлікпен Бәйтерек аудандық ауруханасына жеткізген. Қыз балаға шұғыл көмек көрсету үшін санавиациямен ортопед-травматолог пен реаниматолог дәрігер барған. Ота жасап, қыздың бір аяғын кесіп тастауға тура келді. Екінші аяғы да бірнеше жерінен сынған. Жағдайы кішкене қалпына келгеннен кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде, көп қан жоғалтқандықтан, жағдайы өте ауыр», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да полиция қызметкерінің қатысуымен болған жол апатынан бір адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз. Полиция департаментінің баспасөз қызметі растағанындай, полиция қызметкері жол-көлік оқиғасын жасаған кезде мас күйінде болған.




Соңғы жаңалықтар