БҚО-да Prado аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында «Toyota Land Cruiser Prado» көлігі аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 8 сәуір күні сағат 06.30 шамасында Орал-Атырау жолында болды.

«Саят» автокемпингі тұсында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының 21 жастағы тұрғыны «Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалған.

Қазіргі мәлімет бойынша жүргізушінің оң жамбасы сынып, жабық мас-ми жарақатын алған, сондай-ақ миы шайқалып, шүйдесіне зақым келген. Ол Ақжайық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда «Мастер» дүкенінің өртенгенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар