БҚО-да тағы бір оқушы асылып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 11-сынып оқушысы асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 желтоқсан күні Жаңақала ауданы Айдархан ауылында орын алды.

Айдархан жалпы орта білім беретін мектептің 11-сыныбында оқитын жасөспірім өз үйінің ауласында өзіне-өзі қол жұмсап, дүниеден озды.

«Оқушы толық отбасында тәрбиеленген. Қазіргі кезде құзырлы органдар тарапынан анықтау жұмыстары жүргізілуде», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұм соңына ешкімді кінәламау керектігін айтып, хат қалдырған. Бала кеше жерленді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын осы ауданның Жаңақазан ауылында 11-сынып оқушысының асылып қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар