БҚО-да топ болып бюджет қаражатын ұрлаған шенеуніктер тергеліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдардың бірінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019 жылдың маусымы мен тамызы аралығында іс жүзінде орындалмаған жұмыстың көлемін мердігермен келісе отырып арттыру арқылы 31 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша мемлекеттік органдардың бірінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді Қайсар Баржақсынов.

Оның атап өтуінше, тергеу мүддесіне және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.


Соңғы жаңалықтар