+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

БҚО-да төтенше жағдай талабын бұзған 8 мейрамхана иесі қамауға алынды

2020 жылғы 25 наурыз 14:10
Бөлісіңіз:
БҚО-да төтенше жағдай талабын бұзған 8 мейрамхана иесі қамауға алынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай талабын бұзған 8 мейрамхана иесі қамаққа алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда 250 адам төтенше жағдай режимін бұзған ШҚО-да 600-ден астам әскери қызметкер патрульде жүр Таразда жол ережесін бұзып, оны интернетте жариялаған жүргізуші ұсталды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, барлығы 13 әкімшілік іс қозғалды.

Соның ішінде үш кәсіпкерге айыппұл салынса, 8-і қамаққа алынды. Тағы екі іс қаралу үстінде.

Мысалы, Орал қаласында «Көркем» мейрамханасы 19 наурыз күні сағат 22.00-ден кейін қызметін тоқтатпаған. Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 476-бабы 6-тармағына сәйкес мейрамхана иесі 10 тәулікке қамалды.

Осындай «қызметі» үшін Оралдағы «Мистер Донер» кафесі, «Пифкoff» сыра бары, Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы «Арман» кафесі иелері де 10 тәулікке қамаққа алынды. Осы ауылдағы «Смайл» кафесінің иесіне 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы кесілді.

Бәйтерек ауданы Мичурин ауылындағы «Кемпинг Евразия» кафесінің иесі 13 тәулікке қамалды.

Оралдағы «Светлана» кафесінің иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылындағы «Думан» кафесінде 23 наурыз күні 70-дей адам қатысқан қаралы жиын болған. Бұл кафе иесіне де 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ал Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы «Ғайса» мейрамханасында 160 адам қатысқан салтанатты шара өткен. Жаңақала аудандық сотының қаулысымен бұл мейрамхана иесі 3 тәулікке қамалды.

БҚО сотының баспасөз қызметі қаулының заңды күшіне енбегенін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 22 мың масканы алып кетіп бара жатқан ресейлік ұсталғанын, 148 адамның медициналық бақылауға алынғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT