БҚО-да тұрғын үйлерді іске қосу 9,1 пайызға артты – Ғали Есқалиев

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,7, құрылыс жұмыстары 0,3, тұрғын үйлерді іске қосу 9,1пайызға артты. Бұл туралы өңір тұрғындарымен есептік кездесуінде облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысының айтуынша, газ өндіру көлемінің 6,8, газ конденсатының 6,9 пайызға өсуі есебінен өнеркәсіп көлемі 3,7 пайызға ұлғайды.

Пандемияға қарамастан, зауыт-кәсіпорындарда өндіріс тоқтаған жоқ, жаңа өнімдер шығарылып, инновациялар мен тың технологиялар енгізілді.

Маңызды саланың бірі – тұрғын үй құрылысы. Өткен жылы жалпы ауданы 529 мың шаршы метр 4838 пәтер іске қосылды. Соның ішінде 527 пәтер кезекте тұрғандарға, соның ішінде 53-і көп балалы отбасыларға берілді.

«2021 жылы Орал мен Ақсай қалаларында кезекте тұрғандар үшін 1126 пәтер салу көзделуде. Баспана алғысы келген тұрғындар www.uralsk.smartmap.kz сайттарында Орал қаласында бой көтеріп жатқан көппәтерлік тұрғын үйлер туралы ақпарат ала алады. Алдағы көктемде «Ақжайық» шағынауданында тұрғын үйлер құрылысы басталады.

Қазірдің өзінде екі жергілікті инвестор іске кіріскелі отыр. Басқа аймақтардан да ниет білдіріп жатқандар бар. Сондай- ақ биыл жеке үй құрылысы үшін Қаратөбе, Федоров және Круглоозерный кентінде 1800 жер телімін беру жоспарлануда», деді Ғ.Есқалиев.

Онлайн түрде өткен кездесу барысында өңір басшысы әр саладағы атқарылған жұмыстар мен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алда тұрған міндеттерге тоқталды.


Соңғы жаңалықтар